11:40, 13 Қазан 2012 | GMT +5
Астана қаласы Ардагерлер кеңесінің төрағасы Қуаныш Алпысбеков қызметінен кетті
АСТАНА. 13 қазан. ҚазАқпарат - Осы аптада Астана қаласы Ардагерлер кеңесінің төрағасы Қуаныш Алпысбеков денсаулығына байланысты қызметінен босату туралы өтініш білдірді.
Бұл туралы «Астана ақшамы» газеті жазды.
Ардагерлер кеңесінің кезектен тыс пленумында оның өтініші қабылданып, Ардагерлер кеңесінің жаңа төрағасы болып Бекен Әлімжанов сайланды.
Бекен Әлімжанов - ауылшаруашылық ғылымдарының докторы, профессор. 80-ге жуық ғылыми-зерттеу мақалалар мен монографияның авторы. ҚР Парламенті Мәжілісінің ІІІ шақырылымдағы депутаты.