Астана қаласы Білім басқармасына жаңа басшы тағайындалды

АСТАНА. 20 желтоқсан. ҚазАқпарат - Эльмира Суханбердиева Астанада қаласы Білім басқармасының жаңа басшысы болып тағайындалды.
None
None

Бұл туралы astana.kz сайтына аталған ведомстводан хабарлады.

Эльмира Суханбердиева 2009 жылдан бастап Астана қаласы № 60 мектеп-лицейінің директоры болып істеген. «ҚР білім беру ісінің құрметті қызметкері», Іскер әкімшілік ету магистрі. 2012 жылдың қаңтарында бесінші шақырылымдағы Астана қаласы мәслихатының депутаты болып сайланды.

Еңбек жолын тарих мұғалімінен бастады. Директордың тәрбие жұмыстары жөніндегі орынбасары, Алматы облысы Іле ауданы әкімі аппараты ұйымдастыру-кадрлық жұмыстарының бас маманы, Алматы облысы Іле ауданы орта мектебінің директоры, «Қазақстан» республикалық телерадиокомпаниясы» АҚ аппаратының басшысы қызметтерін атқарды.

Еске салайық, Білім басқармасының бұрынғы басшысы Әсима Бимендина ОСК-ның 2013 жылғы 22 қарашадағы шешіміне сәйкес Мәжіліс депутаты болып сайланды.

Соңғы жаңалықтар