Астана қаласы бойынша мемлекеттік бағдарлама аясында пәтер алуға үмітті деп табылған азаматтардың тізімі жарияланды

АСТАНА. Желтоқсанның 29-ы. ҚазАқпарат /Айдын Бәймен/ - Бүгін Астана қаласы бойынша мемлекеттік бағдарлама аясында пәтер алуға үмітті деп табылған азаматтардың тізімі жарияланды,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй құрылысының 2008-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы іске асыру үшін Астана қаласы әкімдігі жанындағы арнайы құрылған комиссия өз қорытындысын шығарды. Аталған комиссия барлығы 28 мыңнан астам үміткердің өтінішін қарастырған. Бұл көрсеткіш бағдарламада жоспарланған 5 мың 612 қолжетімді пәтерден бірнеше есе көп екені анық.

Мемлекеттік қызметшілер санатындағылардың тізіміне 2 мың 115 адам енген. Мемлекеттік қызметшілер болып табылмайтын мемлекеттік мекемелер қызметкерлерінің 1 мың 33-і пәтер алу мүмкіндігіне ие болған.

Сондай-ақ мемлекеттік кәсіпорындар қызметкерлері арасында 1 мың 180 адам аталған бағдарлама бойынша тізімге енгізілген.

Сонымен қатар 1 мың 184 жас шаңырақ құрған астаналықтар «Балалары бар жас отбасылар» санаты бойынша қолжетімді тұрғын үйден пәтер алу құқығына ие болды.

Мемлекеттік бағдарлама аясында пәтер алуға үмітті жандардың тізімі бүгін елордалық «Астана ақшамы» және «Вечерняя Астана» газеттерінде жарияланды.

Соңғы жаңалықтар