18:53, 03 Маусым 2015 | GMT +5
Астана қаласы бойынша ҰБТ-дағы алғашқы 125 ұпайды №59 мектептің оқушысы жинады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ұлттық бірыңғай тестілеуде Астана қаласы бойынша алғашқы 125 ұпайды №59 орта мектептің оқушысы Риана Мұстафина алды.

Сонымен қатар елордалық №10 мектептің оқушысы Әлия Сейіткерім 124 ұпай жинады. Естеріңізге сала кетейік, Астана қаласында 2014-2015 оқу жылы мектеп қабырғасынан 4407 түлек ұшады. Олардың 3554-і ҰБТ-ға қатысады, «Алтын белгіге» үміткерлер саны - 173. Ал 79 түлек ерекше үлгідегі аттестатқа ие болмақ.