Астана қаласы экология департаментінің басшысы жауапкершілікке тартылды

АСТАНА. 5 қыркүйек. ҚазАқпарат - Елорда прокуратурасы Астана экология департаментінің басшысы Райымбековті әкімшілік жауапкершілікке тартты.

Астана қаласы экология департаментінің басшысы жауапкершілікке тартылды

Бұл туралы Твиттер әлеуметтік желісінде ҚР Бас прокуратурасының ресми өкілі Нұрдәулет Сүйіндіков мәлім етті.

«Ол «Ай Кам Компани РБ» ЖШС-нің келісімшарттағы міндеттерін орындамағанына қарамастан оларға шара қолданбаған», - деп түсіндірді Н.Сүйіндіков.