Астана қаласы экономикалық сотының судьясы 6 жылға бас бостандығынан айырылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - 2013 жылғы қарашада Қаржы полициясы агенттігінің қызметкерлері жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының судьясы А.Кенжаевтың азаматтық іс бойынша жағымды шешім шығару үшін кәсіпкерден 750 мың теңге көлемінде пара алу фактісін анықтаған болатын.

Астана қаласы экономикалық сотының судьясы 6 жылға бас бостандығынан айырылды

Бұл туралы Қаржы полициясының баспасөз қызметі хабарлады.

2013 жылғы 12 қарашада бұл факт бойынша Қаржы полициясы агенттігінің жедел-іздестіру материалдарының негізінде ҚР Бас прокуроры қылмыстық іс қозғады.

Осы жылғы 24 шілдеде Астана қаласы Алматы аудандық соты Кенжаевты пара алуға кінәлі деп тауып, оған 6 жылға бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындады.