Астана қаласы қалыптасқан жылдар ішінде 32 мектеп, 26 мектепалды білім беру ұйымы, 28 жекеменшік балабақша салынды

АСТАНА. 11 қаңтар. ҚазАқпарат - Астана қаласы қалыптасып, дамыған жылдар ішінде 32 мектеп, 26 мектепалды білім беру ұйымы, 28 жекеменшік балабақша салынып, пайдалануға берілді, 25 шағын орталық ашылды, деп хабарлады pm.kz сайты.
None
None

«Балапан» бағдарламасын жүзеге асыру аясында соңғы екі жылдың өзінде-ақ 5360 бүлдіршінге арналған 24 балабақша мен 28 жекеменшік балабақша ашылды. Бүгінгі таңда барлық мектептер мен білім беру ошақтары Ғаламторға қосылған. Осы жылдар ішінде кәсіптік-техникалық білім беру жүйесінде 12 мекеме салынған.

2005 жылдан бері 8 денсаулық сақтау нысаны, соның ішінде көпбейінді стационар, перинаталды орталық, бір ауысымда 500 адам қабылдай алатын 4 ірі амбулаториялық-емханалық кешен, № 3 қалалық перзентхана, № 2 қалалық аурухана, қан орталығы және онкологиялық диспансер пайдалануға берілді.

Астанада 2007 жылдан бері мемлекеттік тапсырыс аясында тегін қызметтер мен жеңілдетілген дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуге арналған қаржыландыру 2,5 есеге көбейген, бұл мақсаттар үшін 2011 жылы 2,2 млрд. теңге бөлінген. 

1997 жылмен салыстырғанда жұмыссыздар саны 2 еседен астам көрсеткішке қысқарып, экономикалық белсенді халықтың 6,3 пайызын құрайды, ресми тіркелген жұмыссыздар деңгейі 8 пайыздан 2 пайызға дейін төмендеген.

Астанада орташа айлық номиналды жалақы 1997 жылдан бері 10 еседен астам көрсеткішке көбейіп, 9,8 мың теңгеден 110,8 мың теңгеге жетті. Жан басына шаққандағы орташа табыс 2001 жылғы 14,3 мың теңге көрсеткіштен  73,8 мың теңгеге дейін немесе 5 еседен артыққа өсті, бұл ретте ең төменгі күнкөріс деңгейі 2010 жылы 16,3 мың теңгені құрады. Ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен табысы бар тұрғындар үлесі 2000 жылғы 11,6 пайыздан 2010 жылы 3,4 пайызға дейін қысқарды.

Соңғы жаңалықтар