Астана қаласы көші-қон полициясының бөлім басшысына 1,2 млн. теңге айыппұл салынды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Биыл 29 шілдеде Астана қаласы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қызметі департаментінің қызметкерлері елорда аумағында шетел азаматтарын уақытша тіркегені үшін бірнеше рет пара алған Астана қаласы ІІД көші-қон полиция басқармасының бөлім бастығы Е. есімді азаматтың қылмысын әшкереледі.
None
None

30.09.2015 жылы Астана қаласының прокуратурасы ҚР ҚК 366-бабының 2-бөлімімен, 366-бабы 3-бөлімінің 4-тармағымен көзделген қылмыстарды жасағаны үшін, яғни лауазымды тұлғаның жеке өзіне ақша түрінде пара алуы туралы (бұл іс бірнеше рет жасалған заңсыз әрекетке (әрекетсіздікке) пара-пар) Е. есімді азаматты айыптау бойынша қылмыстық істі мәні бойынша қарау үшін Астана қаласының Сарыарқа аудандық №2 сотына жолдады.

Сарыарқа аудандық №2 сотының 16.11.2015 жылғы үкімімен Е. есімді азамат ҚР ҚК 366-бабы 3-бөлімінің 4-тармағымен көзделген қылмысты жасағаны үшін айыпты деп танылды және мүлкі тәркіленіп, белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айырыла отырып, оған параның жетпіс еселенген сомасы мөлшерінде(1 260 000 теңге) айыппұл салу түрінде жаза тағайындалды, деп хабарлады елорда прокуратурасының баспасөз қызметі.

Соңғы жаңалықтар