Астана қаласы прокуратурасының басшылығы азаматтарды қабылдайды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ертең, 25 қырқүйекте Астана қаласының прокуратурасы мен Астана қалалық «Нұр Отан» ХДП филиалы арасында заңдылықты нығайту және жемқорлықпен күрес аясында қарым-қатынас Меморандумына сәйкес ашық есік күні өткізіледі.
Бұл туралы Астана қаласы прокуратурасының баспасөз қызметі хабарлайды.
Ашық есік барысында Астана қаласының прокуратурасының басшылығы азаматтарды қабылдау жүргізеді.
Шараның басталуы сағат 10:00-де.