Астана қаласы прокуратурасының талап-арызымен жалпы ауданы 379,99 га жер учаскесі мемлекет меншігіне қайтарылды

АСТАНА. 9 қазан. ҚазАқпарат - 1997 жылы Ақмола облысы Целиноград ауданы әкімінің шешімімен «Береке» шаруа қожалығының басшысына «шаруа қожалығын жүргізу» мақсатында тұрақты жер пайдалану құқығымен 607 га аумақтағы жер учаскесі  және 1997 жылғы 24 қазандағы АН №0024506 тұрақты жер пайдалану (жалға) құқығын беретін акт берілген.
None
None

2002 жылы шаруа қожалығы басшысының қайтыс болуына байланысты, аталған жер учаскесіне оның ұлы мұрагер болады.

Қазақстан Республикасы Президентінің «Астана қаласының шекарасын өзгерту туралы» Жарлығы негізінде 2004 жылы жүргізілген түгендеу нәтижесі бойынша Целиноград және Шортанды аудандарының кейбір жерлері, оның ішінде «Береке» шаруа қожалығының 379,99 га жері қала аумағына енгізілген. Бұл туралы Астана қаласы прокуратурасының баспасөз қызметі хабарлады.

2008 жылы 6 қарашада құқық мирасқоры нотариалды түрде куәландырылған жер учаскесіне жеке меншiк құқығы туралы әкесінің (қайтыс болған) атындағы мемлекеттік акт негізінде «Астана қаласы Жер қатынастары басқармасы» ММ-ге аталған жер учаскесін қайта рәсімдеу туралы өтініш беріп, мұрагерлікке құқық туралы куәлік алған.

Қаржы полициясы органдары тағайындаған сот-техникалық сараптама  жалпы аудағы 379,99 га жер учаскесіне жеке меншiк құқығы туралы актінің жалған екенін көрсетті. Шаруа қожалығының бұрынғы (марқұм) басшысы да, оның құқық мирасқоры да тұрақты жер пайдалану құқығын мемлекеттен сатып алмаған, сол себепті жер учаскесiне жеке меншiк құқығы ресімделмеуі тиіс еді, тиісінше оның ұлы аталған мемлекет меншігіндегі жер учаскесіне өз қалауымен билік етуге құқығы болмаған.

2009 жылы 7 шілдеде аталған жер учаскесі «Казкомплект»инвестициялық компаниясы» ЖШС-ға 300 000 000 теңгеге сатылып кеткен, ал «АстанагорНПЦзем» ЕМК ақпаратына сәйкес аталған жердің кадастрлық құны 6 459 830 000 теңгені құрайды.

Астана қаласының прокуратурасы заңсыз берілген жер учаскесін мемлекет меншігіне қайтару мақсатында Есіл аудандық сотына жеке меншiк құқығын беретін актіні жарамсыз деп тану, сату-сатып алу шартын және оны әділет органдарында тіркелуінің күшін жою және 379,99 га жер учаскесін мемлекет меншігіне қайтару туралы талап-арыз енгізді.

Соттың 2012 жылғы 27 қыркүйектегі шешімімен прокуратураның «Береке» шаруа қожалығының басшысына талап-арызы толық көлемде қанағаттандырылды.

Қазіргі кезде жауапкердің шағым беруіне байланысты сот шешімі заңды күшіне енген жоқ.

 

Соңғы жаңалықтар