Астана қаласы прокуратурасының жаңа ғимараты ашылды

Конституция күнінің қарсаңында елордамыздың прокурорлары қала сәулетіне үйлесімді жарасып орын тепкен қазіргі заманға сай және жұмысқа қолайлы барлық жағдайлар жасалған тамаша ғимаратқа ие болды.
Ұжымды көптен күткен қуанышты оқиғамен құттықтай келе, Бас прокурор жаңа ғимараттың ашылуы ең алдымен Елбасының қадағалаушы органдардың қажеттіліктері мен сұраныстарына, прокуратура қызметкерлерінің материалдық-техникалық жарақтандырылуы мен әлеуметтік кепілдермен қамтамасыз етілуіне жасап отырған тұрақты қамқорлығының белгісі болып табылатындығын атап көрсетті. Жиналғандарды прокуратура органдарының ардагерлері, Астана қаласы әкімдігі мен ғимарат құрылысының бас мердігері «Шар-Құрылыс» ЖШС басшылары құттықтады, деп хабарлайды ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметінен.