Астана қаласы прокурорының бірінші орынбасары тағайындалды

None
None
АСТАНА. Мамырдың 13-і. ҚазАқпарат – Астана қаласы прокурорының бірінші орынбасары тағайындалды.
Бұл туралы ҚазАқпаратқа ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметінен хабарлады. Қазақстан Республикасының Бас прокуроры Қайрат Мәмидің 2009 жылғы мамырдың 12-сіндегі бұйрығымен Астана қаласы прокурорының бірінші орынбасары қызметіне Әсет Шындалиев тағайындалды. Бұл қызметке дейін Ә. Шындалиев ҚР Бас прокуроры аппараты басшысының орынбасары болды.Бүгін елорда прокуроры Виктор Корчагин оны астаналық қадағалау органының ұжымына таныстырды.
Соңғы жаңалықтар