Астана қаласы Сарыарқа ауданының №2 соты ҚР бұрынғы денсаулық сақтау министрі Ж.Досқалиевті 2 айға дейін қамауда ұстауға рұқсат берді - ҚР Қаржы полициясы

АСТАНА. Қазанның 12-сі. ҚазАқпарат /Қаламқас Әбуова/ - Дүйсенбі, қазанның 11-і күні ҚР қаржы полициясы органдары бұрынғы денсаулық сақтау министрі Жақсылық Досқалиевке билікті асыра пайдаланғаны және аса ірі мөлшерде пара алғаны туралы айып тақты,

Астана қаласы Сарыарқа ауданының №2 соты ҚР бұрынғы денсаулық сақтау министрі Ж.Досқалиевті 2 айға дейін қамауда ұстауға рұқсат берді - ҚР Қаржы полициясы

деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаментінің баспасөз орталығы.

Ағымдағы жылғы қазанның 12-сі күні айыпталушыға қатысты «қамауға алу» шарасы туралы өтініш беріліп, прокуратура органдары онымен толықтай келісті.

Сол күні Астана қаласы Сарыарқа ауданының №2 соты Досқалиевті қамауға алуға рұқсат берді (2 ай мерзімге дейін).

Айыпталушы Астана қаласының тергеу оқшаулау орынына ауыстырылады. Тергеу мүддесі үшін басқа ақпарат жария етілмейді, деп хабарлады ҚР Қаржы полициясы.