Астана қаласы сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы қызметінен босатылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астана қаласы Сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы Виталий Силецкий қызметінен босатылды.

Астана қаласы сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы қызметінен босатылды

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет туралы» Заңы 61-бабының 1-бөліміндегі 1-тармақшасына сәйкес, Силецкий Виталий Брониславович 2016 жылдың 30 мамырынан бастап, өз еркімен Астана қаласы Сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы қызметінен босатылды», - деп хабарлады қала әкімінің баспасөз қызметінен.
Ведомствода атап өтілгендей, басқарма басшысының міндеттерін уақытша атқару ісі Қамитов Нұрлан Дүйсенбайұлына жүктелген.