Астана қаласы Жол полициясы басқармасының тіркеу-емтихан алу бөлімшесі ашылды

АСТАНА. Шілденің 15-і. ҚазАқпарат - Бүгін 2010 жылдың 15 шілде күні Жаңажол, 6 мекенжайы бойынша орналасқан Астана қаласының Жол полициясы басқармасының тіркеу-емтихан алу бөлімшесі ашылды, деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.

Астана қаласы Жол полициясы басқармасының тіркеу-емтихан алу бөлімшесі ашылды

Жаңа тіркеу-емтихан алу бөлімшесінің ұсынылған қызмет көрсету ауқымы мен кешені бойынша Қазақстандағы жалғыз орталық екенін атап кеткен абзал. Оның ең бір артықшылықтарының бірі - ол құжаттарды қабылдау және беру бойынша кезекті электронды басқару болып табылады. Енді келушілердің операциялық терезеден өз кезегін іздеудің немесе кезекте тұрудың қажеті жоқ.

Тіркеу-емтихан алу бөлімшесінің кіре берісінде дисплейімен арнайы терминал орнатылған. Клиент дисплейден өзіне қажетті операцияны таңдап, нөмірімен жетон алып, кондиционерлер мен телеарна экранды жүйесімен жабдықталған күту залында жарықтанып жанатын таблодан өз кезегін күтетін болады. Тура осындай экран бір қабат төмен орналасқан асханада да бар, онда келушілердің әлденіп алуларына болады. Келушілердің кезегі жақындаған кезде нөмірі жарықтанып шығып, операциялық үстелде орналасқан электронды дисплейде де нөмірі жарықтанып шығатын болады. Сонымен қатар белгілі нөмірімен шақыру жағдайы динамик арқылы естілетін болады.

Жаңа тіркеу-емтихан алу бөлімшесі "бір терезе" тәртібінде қызмет көрсететін болады, мұнда алдыңғы Тәуелсіздік, 18 және Циолковский көшелері бойынша орналасқан екі тіркеу бөлімшелерінің көлік құралдарын тіркеу және жүргізу куәліктерін алу сияқты міндеттері араласқан. Сондай-ақ, жаңа тіркеу-емтихан алу бөлімшесінде емтихан сыныбы мен сурет студиясы орналасқан. Азаматтарға қызмет көрсету жағдайларын оңтайландыру мақсатында, төлемдер мен әкімшілік айыптарды электронды төлеу үшін арнайы терминал орналастырылған, ол адам факторы мен субъективті мәселелерді жоя отырып, келушілердің барлық есеп бойынша қажетті көрсеткіштерін шұғыл алуға мүмкіндік береді. Сондай-ақ, келушілерге көмек көрсету үшін тіркеу-емтихан алу бөлімшесінің кеңесшілері мен басқа да компаниялардың кеңесшілері жұмыс істейтін болады. Шамамен 300 шаршыметрлік алаңымен арнайы ғимарат, азаматтарға барынша ыңғайлы болу үшін жабдықталған, күту залының барлық қабырғаларында анықтамалық және насихаттау ақпараттары ілінген, осы жаңа тіркеу-емтихан алу бөлімшесінің аумағында көліктердің нөмірлері мен агрегаттарын салыстырып тексеру үшін, 50 көлікті орналастырып қоюға арналған байқаудан өткізу алаңы орналасқан.