Астана қаласынан батысқазақстандықтарға гуманитарлық жүк жөнелтілді

АСТАНА. 18 сәуір. ҚазАқпарат /Гүлмира Әлиакпарова/ - Бүгін таңертең Астана қаласы әкімдігінің алдындағы алаңнан көктемгі су тасқынынан зардап шеккен батысқазақстандықтарға үш автокөлік гуманитарлық жүк жөнелтілді.
None
None

БҚО-да зардап шеккендерге көмек қолын созу акциясы Астана қаласы әкімдігінің бастамасымен ұйымдастырылды. Оған қаладағы супермаркеттер мен гипермаркеттер, бірқатар қонақ үйлер, сауда орталықтары, үлкенді-кішілі базарлар мен ЖШС-лар, Сауда, ойын-сауық орталықтары, барлығы 30-ға жуық кәсіпорын жұмыла қатысты. Нәтижесінде жалпы құны 22,5 млн. теңге болатын 45 тонна жүк жиналды.

Астана қаласының Кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы бастығының міндетін атқарушы Рыскүл Қалдыбаеваның айтуынша, гуманитарлық тауар небәрі үш күннің ішінде жиналды. Онда бірінші қажеттіліктегі азық-түліктер - картоп, пияз, сәбіз, ұн, макарон, күріш, түрлі дәнді-дақылдар, шәй, құрғақ сүт, бұқтырылған ет, қалбыранған өнімдер, сондай-ақ киім-кешектер, көрпе-жастықтар, керуеттер, ыдыс-аяқтар мен дәрі-дәрмектер бар.

«Акцияға адамдар белсене қатысты. Себебі олар болашақта өзіміздің жағдайымыз қандай болатынын жіті түсінеді. Бұл тауарлар олардың қайғыларының орнын баспас, бірақ дәл қазір оларға ең керегі солар», - деді ол.

Р.Қалдыбаеваның сөзіне қарағанда, бұл бірінші және соңғы акция емес. Егер өзгенің қайғысына бей-жай қарамайтын азаматтар табылып жатса қала әкімдігі акцияны жалғастыратынын айтты.

Гуманитарлық жүк БҚО-да құрылған штабқа тапсырылады, кейін олар батысқазақстандықтарға беріледі.

Соңғы жаңалықтар