Астана қаласында 30 елдің тәуелсіз әл-ауқат қорлары жиналады

IFSWF жыл сайынғы отырысына 30 мемлекеттен тәуелсіз қорлардың өкілдері қатысады. Олардың арасында Сингапурдың тәуелсіз әл-ауқат қоры, Қытайдың инвестициялық корпорациясы China Investment Corporation, Әбу-Дабидің тәуелсіз қоры Abu-Dhabi Investment Authority, Ресейдің тікелей инвестициялар қоры, Малайзияның Khazanah ұлттық қоры, Италияның Cassa Depositi стратегиялық қоры, Әзірбайжан Республикасының мемлекеттік мұнай қоры және басқалары бар. Сонымен қатар отырыстың спикерлері мен қонақтары арасында The Boston Consulting Group, Pricewaterhouse Coopers, Goldman Sachs, General Electric және әлемдегі танымал компаниялардың өкілдері болады деп күтілуде.
Тәуелсіз әл-ауқат қорларының өкілдері сандық экономиканы дамытуды, тәуелсіз әл-ауқат қорларын дамытудың бағыттарын, сәтті өткен жекешелендірудің мысалдарын және оларды жүзеге асыруда қорлардың рөлін, сонымен қатар Қытайдың «Бір белдеу, бір жол» бастамасының мүмкіндіктері кеңінен талқылайды.
IFSWF жұмыс комитеттері жабық есік жағдайында бас қосатындықтан, ашық үлгідегі панельдік сессиялар 6 және 7 қыркүйек күндері өтеді. Жиынның БАҚ үшін ашық бөлігі 6-шы қыркүйек күні сағат 16:00 ұйымдастырылатын баспасөз мәслихатынан басталады.