Астана қаласында белгілі композитор Секен Тұрысбектің кеші өтеді

АСТАНА. ҚазАқпарат - 13 ақпан күні сағат 19:00 «Астана» Ұлттық сурет галереясында Секен Тұрысбектің шығармашылық кеші өтеді. «Ақ жауын» Мемлекеттік камералық оркестрінің сүйемелдеуінде халық композиторлары мен автордың өз орындауындағы шығармалар тартылады. Кешке ҚР еңбек сіңірген мәдениет қайраткері Клара Төленбаева, дәстүрлі әнші Ерлан Рысқали секілді өнер саңлақтары қатысады.

Астана қаласында белгілі композитор Секен Тұрысбектің кеші өтеді

Секен Тұрысбек - қазақтың танымал сазгері. ҚР Еңбек сіңірген өнер қайраткері, Жастар одағы сыйлығының лауреаты. «Көңіл толқыны», «Ақ жауын», «Жазғы қар» секілді бірқатар танымал күйдің авторы. 1993 жылы Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген артісі атағын алды.