Астана қаласында дәмханада газ баллоны жарылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астана қаласында Сарыарқа даңғылындағы бес қабатты үйдің жанынан салынған «Адал Донер» дәмханасында газ баллоны жарылды.

Астана қаласында дәмханада газ баллоны жарылды

Оның соңы өртке ұласты. Күшті жарылыс салдарынан 16 шаршы метр аумақта шыныдан жасалған сыртқы витрина сынды. Жарақаттанған дәмхананың әкімгері 1993 жылы туған жас жігіт ауруханаға жеткізілді. ТЖ жоюға ҚР ТЖМ «МАО»ММ 1 техникасы мен 3 адамы, «Орталық аймақтық аэромобильді жедел-құтқару жасағы» ММ 1 техникасы мен 5 адамы, ҚР ТЖМ Астана қаласының ТЖД өрт сөндіру қызметінің 8 техникасы мен жеке құрамының 36 адамы жұмылдырылды.