Астана қаласында Дүниежүзі қазақтарының ІV Құрылтайы өтеді
АСТАНА. 21 мамыр. ҚазАқпарат - 2011 жылғы 25-27 мамыр аралығында Астана қаласында Дүниежүзі қазақтарының ІV Құрылтайы өтеді, деп хабарлады ҚР Байланыс және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі.
Бес жылда бір рет өткізіліп тұратын әлем қазақтарының құрылтайы еліміздің саяси-қоғамдық өміріндегі маңызды оқиға. Аталған тарихи шараның негізгі мақсаты - өскелең ұрпақты атамекенге көшіру мәселесін көтеру және көшіп келген оралмандарға мемлекет тарапынан қолдау көрсетуді талқылау. Сонымен қатар, Құрылтай барысында шетелдерде тұратын қазақ жастарының және Қазақстанда білім алып жатқан шетел қазақ жастарының деңгейі мен мақсат-мұраттарын зерттеу.
Бұрынғы үш құрылтайға қарағанда, биылғы ерекшелік - ІV Құрылтайға Қазақстандағы және басқа елдердегі жастар мен жастар ұйымдарының, студенттер бірлестіктерінің көшбасшылары шақырылды.
Құрылтайға әлемнің 35 елінде тұрып жатқан қазақ диаспорасы өкілдері мен қазақстандық делегаттар жиналады. Оның ішінде шетелден келетін қонақтардың саны - 358 адам.
Делегаттар қатарында қазақ халқының мәдениеті мен дәстүрін, қазақ тілін дамыту мен насихаттауға байланысты кеңінен танымал қоғам қайраткерлері, шығармашылық, ғылыми-педагогикалық, зияткерлік, бизнес, спорт, мемлекеттік және қоғамдық ұйымдардың, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері бар. Атап айтқанда, Құрылтай жұмысына Чехияның экс-министрі Жәмила Стехликова, Чувашияның экономикалық дамуы экс-министрі, қазір Чебоксары жоғары оқу орнының доценті Гүлмира Тағайқызы Акимова, Моңғолияның оқу-ғылым және мәдениет министрінің орынбасары Чоной Күләнда, мәскеулік профессор Нәйла Ермұханқызы Бекмаханова, техника ғылымдарының докторлары Дәулет Мұхамеджанұлы мен Асқар Дәулетұлы, армрестлинг жөнінен Иран чемпионы Жүсіп Шаткам және т.б. қатысады.
Қазақстандық делегаттар ішінде - ҚР Ұлттық Ғылым Академиясының академиктері М. Жұрынов, Ө. Айтбай, С. Қирабаев, Ә. Бейсенова, Т. Шарманов, К.Байпақов, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаттары Т.Молдағалиев, М. Айтхожина, А. Оразақын, А.Әшімов, Т. Әбдік, Ұ. Есдәулет, М. Жүнісова, Қазақстанның халық әртісі Б.Төлегенова, Қазақстанның халық әртісі, Қазақстанның Еңбек Ері Е.Рахмадиев, т.б. бар.
Құрылтай делегаттарының 60 пайызын жастар құрайды. Олардың қатарында Германия, Швеция, Австрия, Голландия, Норвегия, Ұлыбритания, Моңғолия, Түркия, Ресей, Қырғызстан, Өзбекстан мен Қазақстанның спортшылары, студенттері, магистранттары мен оқушылары бар.
25 мамыр
Дүниежүзі қазақтарының ІV Құрылтайының жұмысы 25 мамыр күні сағат 11.00-де Тәуелсіздік сарайында ашылу салтанаты болады. Ашылу салтанатына Қазақстан Республикасының Президенті, Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы Төралқасының төрағасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев қатысады.
Сол күні Құрылтай қонақтары үшін «Қыз Жібек» операсының қойылымы ұйымдастырылады.
Кешке ҚР Президентінің жеке шақыруымен салтанатты қабылдауы болады.
26 мамыр
Қонақтардың құрметіне «Атамекен» кешенінде «Этноауылдың» ашылуы ұйымдастырылады. Сондай-ақ бірқатар министрліктерде қазақ диаспорасының өзекті мәселелері бойынша «дөңгелек үстелдер» ұйымдастырылып, аталған мекемелердің басшыларымен кездесу өткізіледі.
27 мамыр
Қ.Мұңайтпасов атындағы орталық стадионда шетелден келген қазақ жастарының футбол турнирі және ұлттық спорт ойындары өтеді.
Қазақстан Республикасының Президенттік мәдениет орталығында шетел қазақтарының қолөнер шеберлері көрмесі ұйымдастырылып, соңынан ақындардың халықаралық жыр мүшәйрасы және шетелден келген қазақ жастарының концерті өткізілмек. Кешкілік, сағат 21.00-ден кейін Астана қалалық әкімшілігінің ұйымдастыруымен «Жастар» сарайының орталық алаңында жастар дискотекасы болады.
Үкімет-Мәдениет
Астана қаласында Дүниежүзі қазақтарының ІV Құрылтайы өтеді
АСТАНА. 21 мамыр. ҚазАқпарат - 2011 жылғы 25-27 мамыр аралығында Астана қаласында Дүниежүзі қазақтарының ІV Құрылтайы өтеді, деп хабарлады ҚР Байланыс және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі.
Бес жылда бір рет өткізіліп тұратын әлем қазақтарының құрылтайы еліміздің саяси-қоғамдық өміріндегі маңызды оқиға. Аталған тарихи шараның негізгі мақсаты - өскелең ұрпақты атамекенге көшіру мәселесін көтеру және көшіп келген оралмандарға мемлекет тарапынан қолдау көрсетуді талқылау. Сонымен қатар, Құрылтай барысында шетелдерде тұратын қазақ жастарының және Қазақстанда білім алып жатқан шетел қазақ жастарының деңгейі мен мақсат-мұраттарын зерттеу.
Бұрынғы үш құрылтайға қарағанда ІV Құрылтайға Қазақстандағы және басқа елдердегі жастар мен жастар ұйымдарының, студенттер бірлестіктерінің көшбасшылары шақырылды.