Астана қаласында фантаст-жазушылар мен футурологтардың Халықаралық конгресі өтеді

АСТАНА. 29 қараша. ҚазАқпарат - Ертең Астанада фантаст-жазушылар мен футурологтардың бірінші халықаралық конгресі ашылады, ол 30 қарашадан 2 желтоқанға дейін Назарбаев Университетінде өткізілмек, деп хабарлайды «Болашақ» Қауымдастығы.
None
None

Конгресс Қазақстан Республикасының тәуелсіздігі мен адамның ғарышқа алғашқы сапарының 50 жылдығына орай жарияланған «Байқоңыр» Қоғамдық сыйлығының ақырғы іс-шарасы болып табылады.

Конгрестің қонақтары мен спикерлері - әйгілі фантаст-жазушы Сергей Лукьяненко, Ресей мен Украинаның Жазушылар одақтарының мүшесі Василий Головачев, ақын, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Орынбай Жанайдаров, фантаст-жазушы Жүніс Сахиев, фантастика мен балама тарихты зерттеуші Сергей Переслегин, Санкт-Петербург қаласындағы «Terra Fantastica» баспасының директоры Николай Ютанов және тағы да басқалар. Конгреске сондай-ақ рок-музыкант, жазушы, «Мумий Тролль» тобының мүшесі Илья Лагутенко қатысады.

Соңғы жаңалықтар