Астана қаласында Наурыз мейрамын тойлауға арналған іс-шаралар бағдарламасы

АСТАНА. 19 наурыз. ҚазАқпарат - Биыл Астана қаласында 22 Наурыз - Ұлыстың Ұлы күніне арналған негізгі мерекелік іс-шаралар «Қазақ елі» монументінің алдындағы алаңда өтеді.
None
None

Бағдарлама:

10.00-10.30 - «Сарыарқа» ұлттық оркестрінің концерті

11.00-12.00 - Кіші сахна. Көшпелі цирк бағдарламасы.

10.00-17.00 - Сүт, ет, бидай, кондитер өнімдерінің көрме-жәрмеңкесі.

11.00-16.00 - Спорттық сайыстар.

13.00-14.00 - Қолөнер шеберлерінің шеберлік сабағы

14.00-15.00 - Кіші сахна. Көшпелі цирк бағдарламасы.

15.00-16.00 - Кіші сахна. «Орда» театрының театрландырылған қойылымы.

11.00-12.20 - Үлкен сахна. Наурыз мейрамына арналған қазақстандық және шетелдік эстрада жұлдыздарының қатысуымен өтетін негізгі концерттік бағдарлама.

12.20-12.45 - Үзіліс.

12.45-17.00 - Үлкен сахна. Мерекелік концерттің жалғасы. Қатысушылар: Қарағанды облысы, Алматы облысы, Шығыс Қазақстан облысы, Солтүстік Қазақстан облысы, Павлодар облысы, Ақмола облысы, Алматы қаласы.

22 наурыз күні «Қазақ елі» монументіне дейін бекітілген келесі орындардан автобустар жүреді:

1. «Астаналық цирк», Қабанбай батыр көшесі, 5

2. «Жастар» сарайы, Республика даңғылы, 34

3. «ҚР Ұлттық мұрағаты», сол жағалау, Нұржол желекжолы, 12

4. ҚР Қаржы министрлігі, Жеңіс даңғылы, 11

5. ҚР Ішкі істер министрлігі ғимаратына қарама-қарсы автокөлік тұрағы, Тәуелсіздік,1

Осы күні көлік қозғалысына қойылатын шектеулер:

Тәуелсіздік көшесі бойынша А. Байтұрсынов көшесінен Ж. Нәжімеденов көшесіне дейін көлік қозғалысының шектелуіне байланысты №21,32,3,4, 14 нөмірлі қалалық автобустардың бағыты өзгереді.

Шектеу қойылған аудандағы барлық көлік қозғалысы Тәуелсіздік сарайының артындағы Обаған көшесіне бағытталады. Осыған орай, қозғалыс бағыттарын алдын ала жоспарлап, мүмкіндігінше жеке көлік құралдарын емес, қоғамдық көліктерді пайдалануды ұсынамыз.

Наурыз мейрамы күндері елорданың мәдени нысандары ұсынатын бағдарлама:

Қ. Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театры

20 наурыз сағат 18.30 - Е. Хушвақтов, «Қызыл алма» (лирикалық комедия)

21 наурыз сағат 18.30 - М. Әуезов «Айман-Шолпан» (музыкалық комедия)

22 наурыз сағат 18.30 - Т. Ахтанов «Күшік күеу» «комедия).

23 наурыз сағат 18.30 - И. Штраус «Жұбайлар жұмбағы( (музыкалық комедия).

24 наурыз сағат 18.30 - М. Әуезов «Абай» (трагедия).


Бейбітшілік және келісім сарайы

21 наурыз - Наурыз мейрамына арналған концерт

24 наурыз сағат 10.00-18.00 - Фотосуретші Владимир Куриловтің «Арайлы Астана» атты фотокөрмесі


Тәуелсіздік сарайы

19 наурыз-5 сәуір сағат 10.00-18.00 - «Өнер сыры» декоративтік-қолданбалы өнер көрмесі

Қ. Монтақаевты еске алуға арналған «Сәулет өнерінің саңлағы» көрмесі. Наурыз Тәуелсіздік сарайындағы экскурсия Наурыз.


М. Горький атындағы Мемлекеттік академиялық орыс драма театры

21 наурыз сағат 18.00 - Спектакль «Жалғыз алма ағашы» (драма)

22 наурыз сағат 18.30 - Спектакль Р. Отарбаев «Сұлтан Бейбарыс» (аңыз)

23 наурыз сағат 11.00 - В. Зимин «Екі түлкі» (ертегі).

23 наурыз сағат 18.00 - Л. Толстой «Барлық дінсіздер, қош келдіңіздер!» (комедия).

24 наурыз сағат 18.00 - С. Астраханцев «Кішкентай Муктың кішкентай хикаясы» (ертегі)

24 наурыз сағат 18.00 - А. Цагарели «Ханума» (музыкалық комедия)


Жастар сарайы

22 наурыз сағат 13.00 және 16.00 - «Алдараспан» әзіл-сықақ театрының концерті

24-28 наурыз сағат 9.00 - «Ақ көгершін» VІІ халықаралық балалар шығармашылығының байқауы

21 наурыз 19.00 - «Ринго» тобының концерті

Қаланың әр жерінде ұйымдастырылатын «Қала мереке құшағында» атты мерекелік-концерттік іс-шаралар:

19 наурыз сағат 10.00 - Алматы ауданы әкімдігінің аппараты

19 наурыз сағат 11.00 - Железнодорожный кенті

20 наурыз сағат 11.00 - Интернациональный кенті

21 наурыз сағат 11.00 - Пригородный кенті

21 наурыз сағат 11.00 - Ильинка кенті

22 наурыз сағат 11.00 - Көктал шағын ауданы

22 наурыз сағат 10.00 - Астана қаласы әкімдігі алдындағы орталық алаң

Бағдарлама «Астана ақшамы» қалалық газетінің бүгінгі санында жарияланды.

Соңғы жаңалықтар