Астана қаласында өткен сегіз айда балалардың қатысуымен 37 жол-көлік оқиғасы орын алды, оларда 4 бала мерт болды

АСТАНА. Қыркүйектің 9-ы. ҚазАқпарат /Гүлмира Әлиакпарова/ - Үстіміздегі жылдың өткен сегіз айында Астана қаласында балалардың қатысуымен 37 жол-көлік оқиғасы орын алды, оларда 4 бала мерт болып, 30 -ы түрлі дәрежедегі жарақаттар алды. Бұл туралы бүгін №2-ші қалалық ауруханада өткен баспасөз мәслихатында қалалық ІІД Жол полициясы басқармасының ұйымдастыру-талдау және алдын алу жұмыстары бөлімінің бастығы Марат Тұяқов мәлім етті.
None
None

М.Тұяқов атап көрсеткендей, 2009 жылдың сәйкес кезеңінде балалардың қатысуымен 60 жол-көлік оқиғасы тіркелді.

№2-ші қалалық емхананың жарақат бөлімшесінің меңгерушісі Бектасов Жарылғасынның айтуынша, өткен жылдың сегіз айында ауруханаға жол-көлік оқиғаларынан кейінгі түрлі жарақаттармен 119 бала жеткізілсе, 2010 жылдың сегіз айында бұл көрсеткіш 142-ні құрады.

«Өкінішке қарай, балалардың жолдарда жарақат алу көрсеткіштері жылдан жылға көбейіп келеді. Бұл бір жағынан қалада балалар санының және автокөлік құралдарының көбеюімен байланысты. Бізге көп жағдайда балалар ауыр жарақаттармен түседі», - дейді ол.

Еске салайық, қыркүйек айының 1-інен бастап Астана қаласындағы әрбір мектептің алдына жол полициясы қыземткерлері қойылды.

Жалпы, ішкі істер органдарының мәліметтеріне сәйкес, биылғы жылдың бес айында республика жолдарында 3742 жол апаты тіркелді, оларда 785 адам қаза тапты, 4371 адам жарақат алды.

Соңғы жаңалықтар