Астана қаласында өткізілетін салтанатты әскери шеруге әскерлердің барлық түрі қатысады - ҚР Қорғаныс министрлігі

СТАНА. Тамыздың 18-і. ҚазАқпарат - Екі аптадан кейін Қазақстан Конституциясына 15 жыл толады. Осы мерекеге орай тамыздың 30-ы - Қазақстан Республикасының Конституциясы күні «Қазақ елі» монументінің жанындағы еліміздің бас алаңында әскери парады өтеді, деп хабарлайды ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.
None
None

Шеруге Қарулы Күштерден Құрлық әскерлерінің, Әуе қорғанысы күштерінің және Әскери-Теңіз күштерінің, сондай-ақ Ішкі істер министрлігінің, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің, Төтенше жағдайлар жөніндегі министрліктің және Республикалық ұланның бөлімдері қатысады. Әскери шеруге қатысушылардың жалпы саны 2200 адамды құрайды. Олардың қатарында офицерлер, келісімшарт бойынша әскери қызметшілер, әскери оқу орындарының курсанттары мен мерзімді қызметтің сарбаздары бар.

- Парадтық топтарды жасақтау үшін Қарулы Күштердегі лайықты деген әскери қызметшілер іріктеп алынды, - деп атап өтті парад қолбасшысы ҚР ҚК Құрлық әскерлерінің бас қолбасшысы генерал-майор Мұрат Майкеев. - Қазіргі уақытта олар күн сайын дайындалуда. Тамыздың 30-ында республика жұртшылығы олардың нәтижесіне куә болады.

Парадқа қатысушыларды орналастыру үшін Қырқыншы стансыдағы 68665 әскери бөлім аумағында арнайы далалық лагерь жасақталды. Шатырлы қалашықта қажетті инфрақұрылым жасалған. Әскерилер үшін далалық асхана, медициналық бекеттер, бір сөзбен айтқанда, барлық жағдай бар. Биылғы парадқа Отан қорғау жолындағы жауынгерлік тапсырмаларды ерлермен бірге орындап жүрген әскери әйелдерден құралған топ тұңғыш рет қатысқалы отыр. Осы әскери бөлімнің базасында парадқа қатыстырылатын әскери техникаларды құрайтын жауынгерлік машиналар паркі орналасқан.

Шеруге барлық әскер тектерінен жауынгерлік топтар, 150-ден астам қару-жарақ пен әскери техника және 66 авиациялық техника қатысады деп жоспарлануда.
Механикаландырылған лекте «Ланд Ровер», Қарулы Күштердегі Т-72Б танкілері, БМП-2 жаяу әскер жауынгерлік машинасы, зенит-зымыран кешендері, «Хаммер» автокөліктері, жетілдірілген бронетранспортерлер, Д-30 122 миллиметрлік гаубицалар, «Мста-Б» 152 мм гаубицасы бар артиллериялық батарея, «Град», «Ураган» сынды дүркіндеп оқ ату реактивті жүйелері, артиллериялық және ракеталық қарулар сапындағы «Смерч», «Точка-У» сынды қуатты қарулар бар.

Соңғы жаңалықтар