Астана қаласында салынып жатқан «Аси» ТК-де тас қалаушының үстіне темірбетон құлап кетті
АСТАНА. 27 наурыз. ҚазАқпарат - Кеше, 26 наурызда сағат 12.35-те Астана қаласының Есіл ауданында Керей және Жәнібек хан көшесі бойынша салынып жатқан «Аси» ТК-де құрылыс жұмыстарын атқару барысында «Альянсстройинвест» ЖШС-нің 31 жастағы тас қалаушысының үстіне темірбетон құлап кетті.
Бұл туралы ҚР ТЖМ-нің баспасөз қызметі хабарлады.
Зардап шеккен азамат ауруханаға жеткізілді.