Астана қаласында тұрғын үйдің бағасын оңтайландыру жөніндегі кешенді жоспар бекітілді
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Үкіметі Астана қаласында тұрғын үйдің бағасын оңтайландыру жөніндегі кешенді жоспарды бекітті. Бұл туралы ҚР Бәсекелестікті қорғау агенттігінің баспасөз қызметінен хабарлады.
«Астана қаласында тұрғын үйдің бағасын оңтайландыру жөніндегі кешенді жоспар Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 2 сәуірдегі № 296 қаулысымен бекітілді. Қаулы Қазақстан Республикасы Президентінің қатысуымен өткен кеңестің 2013 жылғы 27 қарашадағы хаттамасына сәйкес әзірленді.
Қаулыны қабылдаудың мақсаты Астана қаласында тұрғын үйдің бағасын оңтайландыру болып табылады», - деп жазылған хабарламада.
Кешенді жоспар 17 іс-шараны қамтиды, оларды іске асыру тұрғын үй нарығындағы бағалық жағдайды тұрақтандыруға мүмкіндік береді.
Аталған қаулы республикалық бюджеттен қаржылық шығындарды болжамайды және теріс әлеуметтік-экономикалық және құқықтық салдарларға әкеп соқпайды.