Астана қаласында ЖҚТБ жұқтырған 200-ге жуық адам тіркелген

АСТАНА. Желтоқсанның 1-і. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ -Астана қаласында ЖҚТБ жұқтырған 200-ге жуық адам тіркеуде тұр.  Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігінде «Қазақстандағы АҚТҚ/ЖҚТБ бойынша жағдай және оның алдын алу» атты тақырыпта өткен брифингте Астана қалалық ЖҚТБ-мен күрес және алдын алу Орталығының бас дәрігері Ерік Мусин мәлім етті, 
None
None

 деп хабарлайды ҚазАқпарат.

 «Тіркелгендердің жартысына жуығы тұрақты астаналық емес, жұмыс бабымен келгендер, еңбекші-мигранттар болып табылады. Жалпы тіркелгендердің басым бөлігі жастар, әлеуметтік белсенді топтағылар болып отыр. Сондай-ақ, өкінішке қарай, Астанадағы ауру жұқтырып тіркелгендер халықтың қалың жігінің барлығын қамтыған. Оның ішінде, жезөкшелікпен айналысатындар да, нашақорлар да, тіпті  мемлекеттік, әлеуметтік қызметкерлер  де баршылық. Сонымен бірге, соңғы кездері жүкті әйелдердің арасында ауру жұқтырғандар да көбейіп барады. Олардың көпшілігі туу барысында ауруға шалдыққандары анықталады. Өйткені, бұндай әйелдер Астана қаласының тұрғыны емес, басқа жақтан келгендер болып шығады. Соңғы айда дәл осындай төрт жағдай тіркелді», деді Е. Мусин.    

Соңғы жаңалықтар