Астана қаласында жол жөндеу жұмыстарына байланысты Бөгембай-Республика даңғылдарының қиылысындағы тікелей қозғалыс толық жабылды

СТАНА. Маусымның 16-сы. ҚазАқпарат - Астанада бүгін жол жөндеу жұмыстарына байланысты Бөгембай- Республика даңғылдарының қиылысындағы тікелей қозғалыс толық жабылды, соған сәйкес Бөгембай даңғылы бойымен Әуезов көшесінен Айманов көшесіне дейін жол учаскесі жабылды, деп хабарлады жол полициясы басқармасның баспасөз қызметі.

Астана қаласында жол жөндеу жұмыстарына байланысты Бөгембай-Республика даңғылдарының қиылысындағы тікелей қозғалыс толық жабылды

Бұдан басқа асфальт жабынын төсеуге байланысты Республика даңғылында Самалдан Кенесары көшесіне дейін қозғалыс шектелді.

Сондай-ақ жол жөндеу жұмыстарына байланысты Қабанбай батыр-Достық көшесі қиылысы толық жабылды. Бұдан басқа Қонаев көшесінде Достық көшесінен №23 көшеге дейінгі учаскеде қозғалыс шектелді.

Асфальт жабынын төсеу жұмыстарына байланысты Тәуелсіздік көшесінде Тәшенов көшесінен Мұңайтпасов көшесі аралығында бұрынғыша қозғалыс ішінара шектеліп отыр.