22:50, 01 Қыркүйек 2015 | GMT +5
Астана қаласында жыл басынан бері 12 мыңнан астам жаңа жұмыс орындары құрылды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астана қаласында ағымдағы жыл басынан бері 12 118 жаңа жұмыс орындары ашылды.

Соның ішінде: өнеркәсіп саласында - 958, көтерме және бөлшек сауда, авто және мотоциклдер жөндеу саласында - 2 850, көлік және қоймалау саласында - 794, білім саласында - 1 460, денсаулық сақтау және әлеуметтік қызметтер саласында - 669, құрылыс саласында - 1 840 және 3 547 - экономикалық қызметтің басқа түрлері.
Сонымен қатар, ағымдағы жылдың 8 ай қорытындысы бойынша Астана қаласы әкімдігінің Жұмыспен қамту орталығымен 3 793 адам жұмысқа орналастырылды.
Жастар тәжірибесінен өтуге 501 түлек және жаңа мамандық меңгеру мақсатында 465 адам қайта даярлануға бағытталды.
Сондай-ақ, 113 адам әлеуметтік жұмыс орындарына орналастырылды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.