Астана қаласындағы «Алматы» ауданында су жеткізу толықтай қалпына келтірілді - ҚР ТЖМ

АСТАНА. 7 желтоқсан. ҚазАқпарат - Астана қаласындағы «Алматы» ауданында су жеткізу толықтай қалпына келтірілді, деп хабарлайды ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінң баспасөз қызметі.

Астана қаласындағы «Алматы» ауданында су жеткізу толықтай қалпына келтірілді - ҚР ТЖМ

«Су құбырларының тозуына байланысты Астанада 6 желтоқсан күні сағат 22.00.-де Мұңайтпасов көшесі, 5 мекен-жайы бойынша, сорғыту-сүзу стансасы орналасқан ауданда 800 мм ұзындықта су құбыры жарылған. Соның салдарынан Абылайхан даңығылында; Әл-Фараби шағын ауданында; 1,2,3,4,5,6,9 шағын аудандарда, Оңтүстік-Шығыс шағын ауданында (сол жағы) тұратын халық, 10 медициналық мекеме, АҚШ елшілігі, Бейбітшілік және келісім сарайы, №52 орта мектеп, №38 бала бақша, 5 монша кешені, 11 жеке кәсіпорын сусыз қалған болатын. 7 желтоқсан күні таңғы сағат 04.15-те су жеткізу толықтай қалпына келтірілді», - делінген ТЖМ баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.