Астана қаласындағы дәмханалардың бірінде болған төбелесте екі жігітті пышақтап кетті

Бұл туралы аталмыш департаменттің баспасөз қызметі хабарлады.
Жағдайдың себептерін тексеру барысында анықталғандай, жарақаттанған жігіттер достарымен бірге дәмханада болған. Темекі тарту үшін далаға шыққан олар белгісіз үш жігітпен сөзге келіспей қалған. Соның салдарынан белгісіз біреу екі жігітке пышақ салған.
Жедел-іздестіру шарасының барысында «Есіл» ауданы ІІБ-ның қызметкерлерімен пышақ жарақатын салған азаматтың жеке тұлғасы анықталып, ұсталды. Ол Ақмола облысының тумасы, 1987 жылғы Т. есімді азамат болып шықты. Ол бұған дейін «қарақшылық» және «бопсалау» бойынша істі болған. Ол өз кінәсін мойындады.
Бұл факті бойынша ҚР ҚК-нің 257 бабымен қылмыстық іс қозғалды. Т. есімді азамат Астана қаласының ІІД-нің уақытша ұстау абақтысына қамалды.