Астана қаласының әкімдігі қала күніне орай «Астана таңдауы 2012» байқауын өткізуде
АСТАНА. 5 мамыр. ҚазАқпарат - Астана қаласының әкімдігі қала күніне орай «Астана таңдауы 2012» байқауын өткізуде.
«Байқау Астана тұрғындарының ішінен шынайы кейіпкерлерді таңдап, оларды елімізге таныту мақсатын көздейді. Үздіктер бес категория бойынша іріктелетін болады. Олар қоғамда маңызды орын алатын төрт кәсіптің иелері: дәрігер, мұғалім, учаскелік инспектор, қоғамдық көлік жүргізушісі, сондай-ақ құрметке лайық кез келген азамат», - делінген әкімдік мәліметтерінде.
1-31 мамыр аралығында тұрғындар Астана әкімдігі сайтындағы анкетаны толтыру арқылы өмірлік үлгіге айналған азаматты сайысқа кейіпкер ретінде ұсыну мүмкіндігін алды.
Енді осыдан кейін үздіктерді саралайтын сәт басталды. Байқаудың ең маңызды кезеңі - үздік кейіпкерлерге дауыс беру 20 маусымға дейін Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты арқылы өтпек.