Астана қаласының әкімдігі «Өз емханаңызды білесіз бе?» акциясын жүргізуде
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астана қаласының әкімдігі «Өз емханаңызды білесіз бе?» акциясын жүргізуде. Бұл туралы www.astana.kz сайты хабарлады.
Акция үйден, не кеңседен шықпастан қандай емханада тіркеуде тұрғаныңызды анықтап, ғаламтор арқылы www.astana.kz. сайтына кіріп, басқа емханаға тіркеуге тұруға мүмкіндік береді. Аталған акция қаладағы көші-қон үрдісінің жоғарылығымен, өмір сүру сапасын жақсарту мақсатында жиі пәтерге қоныстанумен және жаңа емханалық кешендердің қолданысқа берілуімен байланысты. Ағымдағы жылдың соңына дейін қаланың сол жағалауында, Керей-Жәнібек хандар көшесінің бойында 500 адам қабылдауға қауқарлы амбулаторлық-емхана ашылады. Ильинка тұрғын алабында ауысымына 150 адам қабылдайтын алғашқы медицина-санитарлық орталық; Досмұхамедұлы көшесінде ауысымына 150 адам қабылдайтын алғашқы медицина-санитарлық орталығы ашылады.