Астана қаласының әкімдігі сайлаушылар тізімін нақтылау үшін call-орталығын құрды

АСТАНА. 28 ақпан. ҚазАқпарат /Гүлмира Әлиакпарова/ - Астана қаласының әкімдігі сайлаушылар тізімін нақтылау үшін call-орталығын құрды.

Астана қаласының әкімдігі сайлаушылар тізімін нақтылау үшін call-орталығын құрды

Онда әрбір азамат таңертеңгі сағат 09.00-ден кешкі 18.00-ге дейін 8 (7172) 55-74-50, 55-74-55 және 55-74-53 нөмірлеріне қоңырау шалып, сайлаушылар тізіміндегі өзі туралы деректерді біле алады.

2011 жылғы 3 сәуірде өтетін кезектен тыс Президенттік сайлау кезінде Астана қаласында сайлаушылар үшін барлығы 215 сайлау учаскесі жұмыс істейді. Оның 71-і - Сарыарқа ауданында, 89-ы - Алматы және 55-і - Есіл аудандарында орналасқан.

Естеріңізге салайық, «Сайлау туралы» ҚР Заңының 4-тарауына сәйкес, сайлаушы сайлауға тұрғылықты тіркелген жері бойынша қатыса алады. Егер сайлаушы, сайлауға дейін кемінде отыз күн бұрын өзінің тіркелген орны бойынша дауыс беруге мүмкіндігі жоқтығын білсе, сайлау күні болатын жердің әкімдігіне өзін сайлаушылар тізіміне қосу жөнінде алдын ала жазбаша түрде өтініш бере алады.