Астана қаласының әкімі Тұңғыш Президент күнімен құттықтады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астана қаласының әкімі Әділбек Жақсыбековтың Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күнімен құттықтады, деп хабарлады astana.kz. ҚазАқпарат Елорда әкімі құттықтауының мәтінін жариялап отыр.

Астана қаласының әкімі Тұңғыш Президент күнімен құттықтады

Құрметті астаналықтар және қала меймандары!

Сіздерді 1 желтоқсан - Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Бұл - ел халқының бірлігі мен берекесін ұлықтап, мемлекеттің мерейін асыратын күн. Осынау жылдар ішінде Елбасының дана саясатының, дара көшбасшылығының арқасында еліміз ерен жетістіктерге қол жеткізді. Талай асуларды бағындырған мемлекетіміздің әлем елдері арасындағы абыройы уақыт санап артып келеді. Мұның барлығы да бүгінгі тәуелсіздігімізді тұғырлы ету жолындағы Тұңғыш Президетіміз - Елбасының еселі еңбегінің, көреген жасампаздығының жемісі. Осынау мереке күні Сіздерге зор денсаулық, отбасыларыңызға бақ пен береке, шаңырақтарыңызға шаттық тілеймін! Астана қаласының әкімі - Әділбек Жақсыбеков