Астана қаласының әкімі ұстаздарды мерекелерімен құттықтады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Астана қаласының әкімі Әсет Исекешев ұстаздар қауымын мерекелерімен құттықтады.

Астана қаласының әкімі ұстаздарды мерекелерімен құттықтады

Құттықтауын қала басшысы фейсбук әлеуметтік желісіндегі парақшасы арқылы жеткізді.

«Құрметті Ұстаздар! Сіздерді төл мерекелеріңізбен құттықтаймын! «Адамның адамшылығы ұстаздан» деп Абай айтқандай, бүгінде Сіз¬дердің тәуелсіз елімізді өркендетудегі, оның келешегін қалаудағы үлестеріңіз зор. Сіздерге шығармашылық табыс, баянды бақыт, зор денсаулық тілеймін! Білімді де білікті шәкірттеріңіздің қатары көбейе берсін!»,-делінген құттықтауда.