Астана қаласының бірқатар тұрғын үйлерінің тұрғындары бес сағаттан астам уақытқа сусыз қалды

АСТАНА. 10 мамыр. ҚазАқпарат - Кеше, 9 мамырда Астана қаласының бірқатар тұрғын үйлерінің тұрғындары бес сағаттан астам уақытқа сусыз қалды, деп хабарлады ҚР ТЖМ баспасөз қызметі.
None
None

Төтенше оқиға құбырлардың тозығы жетуінен болған. Нәтижесінде ауқымы 600 мм болатын жарық пайда болды. Соның салдарынан елорданың 15 үйінің тұрғындары сусыз қалды.

«Сағат 16.20 кезінде жөндеу-қалпына келтіру жұмыстары толықтай аяқталып, сумен қамтамасыз ету қайта басталды. Ақауды жөндеу жұмыстарына «Астана су арнасы» ҚКК 14 адамы мен 8 бірлік техникасы жұмылдырылды», - деп хабарлады ҚР ТЖМ.

Соңғы жаңалықтар