Астана қаласының бюджетіне 2010 жылғы түсімдер 301 778,8 млн. теңгені құрады
АСТАНА. 30 желтоқсан. ҚазАқпарат /Гүлмира Әлиакпарова/ - Астана қаласының бюджетіне 2010 жылғы түсімдер 301 778,8 млн. теңгені, соның ішінде меншікті қаражаттар - 77 307,1 млн. теңгені құрады.
Бұл туралы қалалық Қаржы басқармасынан мәлім етті.
Қаржы басқармасынан нақтылағандай, 301 778,8 млн. теңге соманың ішінде - 202 597 млн. теңге көлеміндегі трансферттер, 9300 млн. теңге несилер және жыл басына қалған 12549,7 млн. теңге көлеміндегі бюджеттік қаражаттар бар. Қазіргі уақытта қала бюджетін орындауда оң үрдістер байқалуда. Мәселен, биыл бюджеттің меншікті табысы (1, 2 және 3 санаттар) 100,7 пайызға орындалды. Былтыр бұл көрсеткіш 92,5 пайызды құраған болатын.
Астана бюджетінің 2010 жылғы шығысы 301 778,8 млн. теңгені құрады. Соның ішінде ағымдағы шығыстардың ішінде 11 994,8 миллионы - білім беруге, 3 424,2 млн. - еңбекпен қамту және әлеуметтік бағдарламаларға, 12 714,9 млн. - денсаулық сақтауға, 4 171,7 млн. - мәдениетке және 2 991,1 млн.теңгесі - спорт саласына жұмсалды. Онымен бірге, абаттандыру, санитария, жарықтандыру және «Жол картасы» бағдарламасы аясында инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды жөндеуге - 14 472,5 млн. теңге бағытталды.
Ал 175790,6 млн. теңге көлеміндегі дамыту бюджетітолығымен инвестициялық жобаларды қаржыландыруға жұмсалды.