16:12, 03 Қазан 2012 | GMT +5
Астана қаласының ең үздік ұстазына пәтер кілті табыс етілді
АСТАНА. 3 қазан. ҚазАқпарат - «Үздік ұстаз» конкурсы Астанада дәстүрлі шараға айналды, бұл жылы конкурсқа қала мектептерінен 28 мұғалім қатысты.

Астана әкімдігінің мәліметінше, № 5 гимназияның қазақ тілі мен әдебиетінің мұғалімі Күлзипа Қылышбаева биылғы жылдың Гран-при иегері атанды. Оған сыйлық ретінде пәтер кілті табыс етілді.