Астана қаласының энергиямен жабдықтаушы ұйымдарына 1,5 млрд. теңгеге жуық айыппұл салынды
АСТАНА. 13 қыркүйек. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің астаналық департаменті Астана қаласында тіркелген энергиямен жабдықтаушы ұйымдардың қызметіне бақылауды күшейту мақсатында тексеру жүргізді.
Бұл туралы ТМРА-ның баспасөз қызметінен хабарланды.
Тексеру нәтижесі бойынша, Қазақстан Республикасының «Электр энергетикасы туралы» заңының энергиямен жабдықтаушы ұйымдарға электр энергиясын басқа энергиямен жабдықтаушы ұйымға өткізуге (сатуға) тыйым салатын 13 бабын бұзғаны үшін «Интер РАО Орталық Азия» және «С.А.П. Астана» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктері әкімшілік жазаға тартылды.
ТМРА аймақтық департаментінің қаулыларымен «Интер РАО Орталық Азия» ЖШС 683 174 203,8 теңге сегіз тиын мөлшерінде және «С.А.П. Астана» ЖШС 761 394 109 теңге мөлшерінде айыппұл түрінде әкімшілік жазаға тартылды.
«С.А.П. Астана» ЖШС Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотына Департаметтің қаулысына шағым арыз түсірді.
Алайда, Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының шешімімен Департаметтің қаулысы өзгеріссіз қалдырылып, «С.А.П. Астана» ЖШС шағымы қанағаттандырылған жоқ.