Астана қаласының полицейлері жаппай қан тапсырды

АСТАНА. 18 наурыз. ҚазАқпарат - Ағымдағы жылдың 15 наурызында астаналық ішкі істер департаментінде донор күні ұйымдастырылды.
None
None

Астана қалалық ІІД-нің басшылығы «Трансфузиология ғылыми-өндірістік орталығының» жыл сайынғы қалалық донорлық қозғалыс бастамасына кезекті рет қолдау білдіріп, ағымдағы жылдың 15 наурызында ІІД аппаратының қызметкерлері арасында «Донор күнін» өткізді.

«Трансфузиология ғылыми-өндірістік орталығы» Астана қаласының ғана емес, сондай-ақ республиканың барлық өңірлерінің тұрғындарына жоғары білікті көмек көрсететін барлық қалалық ауруханаларды, республикалық емханалардың барлық медициналық кластерін, ұлттық ғылыми медициналық орталықтарды қажетті қан компоненттерімен қамтамасыз етеді.

ІІД аппаратының 50-ден астам қызметкерінен 450 мг көлемінде қан алынды. Донорлар қан тапсырудың алдында сауалнамадан, маман-дәрігердің қарауынан өтті.

Соңғы жаңалықтар