Астана қаласының прокуратура органдарында бірқатар жаңа тағайындаулар болды
АСТАНА. 26 қыркүйек. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасы Бас прокурорының бұйрықтарымен Астана қаласында аудандық прокурорлар тағайындалды.
Бұл туралы қалалық прокуратураның баспасөз қызметінен хабарланды.
Атап айтқанда, Астана қаласы Алматы ауданының прокуроры болып бұған дейін Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы Әлеуметтік-экономикалық саладағы заңдылықты қадағалау департаментінің Әлеуметтік саладағы заңдылықты қадағалау басқармасы табиғат қорғау заңнамасының қолданылуын қадағалау бөлімінің бастығы қызметін атқарған әділет кеңесшісі Тіленшиев Алан Төлеубайұлы тағайындалды.
Ал Астана қаласы Сарыарқа ауданының прокуроры болып бұған дейін Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы Арнайы прокурорлар департаментінің Аса маңызды қылмыстық істерді тергеу басқармасында Бас прокурордың (тергеу және тергеу топтарына басшылық жасау бойынша) аға көмекшісі қызметін атқарған әділет кеңесшісі Қожабаев Жанболат Өмірсерікұлы тағайындалды.
Сондай-ақ, Астана қаласы Есіл ауданының прокуроры болып бұған дейін Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы Сотқа дейінгі іс жүргізудің заңдылығын қадағалау департаментінің Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі, Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігі органдарында тергеу мен анықтаудың заңдылығын қадағалау басқармасының бастығы қызметін атқарған аға әділет кеңесшісі Мәжренов Біржан Балтабайұлы тағайындалды.