Астана қаласының прокуратурасы мемлекетке 1 миллиардтан астам теңге қайтарды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астана қаласының прокуратурасы мемлекетке 1 миллиардтан астам теңге қайтарды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Астана қаласының прокуратурасы мемлекетке 1 миллиардтан астам теңге қайтарды

Баспасөз қызметінің мәліметтеріне қарағанда, елорда прокуратурасы мемлекет пайдасына шығарылған сот актілерінің орындалуына талдау жасады.

Прокурорлық қадағалау актісін енгізу нәтижесімен сотталғанға тиесілі жалпы бағасы 1 млрд. 62 млн. теңге құрайтын 5 жер учаскелерін өндіру арқылы келтірілген шығын мемлекет пайдасына өтелді.

«Осылайша, прокуратура қабылдаған шаралар қылмыс жолымен табылған сотталғанның мүлкін мемлекет пайдасына өндіру арқылы сот үкімін орындады»,-делінген хабарламада.