Астана қаласының Сарыарқа және Есіл аудандарының жаңа әкімдері тағайындалды

АСТАНА. 29 қараша. ҚазАқпарат /Гүлмира Алякпарова/ - Астана қаласының Сарыарқа және Есіл аудандарының жаңа әкімдері тағайындалды.
None
None

Бүгін таңертең Астана әкімдігінде қалалық мәслихаттың кезектен тыс 74-ші сессиясы өтті. Жаңа тағайындаулар туралы ұсынысты елорда әкімі Иманғали Тасмағамбетов жасады.

Мустафина Сабиля Сессияға қатысқан депутаттардың бірауыздан қолдауымен бұған дейін Сарыарқа ауданын басқарған Сәбиля Сапарқызы Мұстафина - Есіл ауданының әкімі, Астана қалалық мәслихатының хатшысы қызметіне жуырда ғана тағайындалған Ермек Сабырбекұлы Оспанов - Сарыарқа ауданының әкімі болып тағайындалды.

Сессияда мәлім болғанындай, Есіл ауданының бұрынғы әкімі Қайрат Жаңабергенов басқа жұмысқа ауысты. Еске сала кетейік, Астана қаласының үшінші - Алматы аудандық әкімдігін Сапар Ахметов басқарады.

Соңғы жаңалықтар