Астана қаласының соты несиеге қызмет көрсету үшін комиссиялық алымды заңсыз деп таныды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астана қаласының Сарыарқа аудандық соты азамат К-ның «Қазкоммерцбанк» АҚ-на банк қарызын алу шартын жарым-жартылай жарамсыз деп тану және соманы төлету туралы талабы бойынша азаматтық істі қарастырды.
«Сот тараптар арасында банктен несие беру туралы келісімшарт жасалғанын анықтады. Оған сәйкес, банк пен қарыз алушының арасында банктың қарыз алушыға несие ұсынатыны туралы келісім жасалған. Сот банктен несие беру келісімшартындағы қарызға қызмет көрсету үшін төлемақы белгілеу жөніндегі талаптар бөлігін жарамсыз деп таныды. Банк несиеге қызмет көрсеткені үшін комиссияны алдын ала ұстап қалады», - деп хабарлады Астана қалалық сотының баспасөз қызметінен.
Айта кетерлігі, банк және банк қызметі, төлемдер мен ақша аударымдары туралы заңнама талаптарына, қағидаттарға және басқа да заңнамалық актілерге, нақтылай кеткенде банк операциялары және банк қызметтерін көрсету, банк шоттары, сондай-ақ несие және ипотекалық шарттардың нормаларына сәйкес, сот несиеге қызмет көрсету үшін комиссиялық алым белгілеу заңсыз екенін анықтады.
Несиеге қызмет көрсетуді жекелеген банк қызметі ретінде қарастыруға болмайды. Бұдан басқа, банк сыйақы алады.
Іс материалдарын қарастырған сот арыз талаптарды қанағаттандырды.
Сот шешімі заңды күшіне енген жоқ.