Астана қаласының спорт мектебіне балаларды қабылдау күні белгілі болды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астана қаласы әкімдігінің № 2 мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі мәнерлеп сырғанау, конькимен жүгіру, шорт-трек және басқа да қысқы спорт түрлері бойынша топтарға балаларды қабылдайтын уақытын жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат «SPORTINFORM» САА-ға сілтеме жасап.
«Шаңғы тебу, конькимен жүгіру спорты, шорт-трек, мәнерлеп сырғанау және спорттық бағдарлау бойынша бастапқы дайындық топтарына балаларды қабылдау 2018 жылы қыркүйектің бастапқы күндері жүргізіледі», - делінген мектептің ресми сайтында.
Күзгі қабылдау жаттықтырушылардың демалыстарын толықтай өткізуіне, ата-аналарға балаларын конкурстық іріктеуге ойдағыдай дайындауларына мүмкіндік береді. Мектеп әкімшілігі балалардың коньки немесе шаңғы тебуді міндетті түрде білуі талап етілмейтіндігін атап өтті. Іріктеудің басты талаптары - жалпы дене шынықтыру жаттығуларын сапалы орындау, жылдамдық, ептілік, координация және т.б.
Мектеп шаңғы тебу, конькимен жүгіру спорты және шорт-трек секцияларына 9-11 жас, спорттық бағдарлауға 7-9 жас, мәнерлеп сырғанауға 4-5 жас аралығындағы балалар қабылданатынын еске салды.