Астана қаласының Төтенше жағдайлар департаменті елорданың мектеп оқушыларымен интерактивті сабақ өткізді
Білім басқармасымен бірлесіп ұйымдастырылған интерактивті сабақ ҚР ТЖМ-ның кризистік орталығында өтті. Сабақты Астана қаласы бойынша ТЖД-ның баспасөз қызметкерлері атап айтқанда, өрт сөндіру қызметінің капитаны Аягөз Фазылова мен майор Бибігүл Есмағанбетова өткізді.
Сабаққа 1 мыңнан астам оқушы қатысты. Шараның басты мақсаты - балаларға өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауды және өрт кезіндегі алғашқы шараларды үйрету.
Оқушыларға үш тақырып бойынша терең мағлұматтар берілді, олар - оттың шығу себептері, оны болдырмаудың жолдары мен өрт болған жағдайда жасалуы тиіс әрекеттер.
Тақырыпты бекіту үшін балаларға оқыту мақсатындағы және Төтенше жағдайлар министрлігі құтқарушыларының кәсібімен таныстыруға арналған бейнероликтер көрсетілді. Өз кезегінде сабаққа қатысушылар көкейлеріндегі сауалдарына мардымды жауаптар алды.