Астана қаласының ТЖД жұмыс күнін қысқартуды ұсынды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Елорданың Төтенше жағдайлар департаменті қаладағы кәсіпорындар мен ұйымдардың басшылығына жұмыс күнін қысқартуды ұсынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат әкімдіктің сайтына сілтеме жасап.
None
None

Қолайсыз ауа райына және аяздың күшейіп кетуіне байланысты, жазатайым оқиғаларды болдырмау мақсатында Астананың Төтенше жағдайлар департаменті мемлекеттік органдарға, білім беру мекемелеріне, кәсіпорындар (базарлар, СОСО), құрылыс нысандарына жұмыс күнін қысқартуды ұсынды. «Бұл ақпарат қаланы тіршілікпен қамтамасыз ету ұйымдары, атап айтқанда өрт сөндіру, полиция қызметтері, төтенше жағдайлар департаменті, жедел жәрдем қызметі, коммуналдық қызметтерге қатысты емес», делінген хабарламада.

«Қазгидрометтің» мәліметі бойынша 6 ақпанда ауа температурасы -30 С, алайда -35 С болып сезіледі, жел екпіні 3 м/с.

Құтқарушылар, төтенше жағдайда «112» нөміріне қоңырау шалу керектігін ескертті.

Кеше Астана әкімі Бақыт Сұлтанов барлық ұйымдардың басшыларына және жеке кәсіпкерлерге аязда қалған жандарға көмек көрсетуге және жұмыс, оқу орындары, тұрғын үй-жайлардағы жылуға көңіл бөліп, далада тұрған адамдарға жылынуға рұқсат беруге, мүмкіндік болса бойын жылыту үшін ыстық шай беруге шақырған болатын.

Сондай-ақ, аязға байланысты Астанадағы ЖОО-ларда сабақ қысқартылды. Сонымен қатар, елордалық аудан әкімдіктері қатты аязда қандай жерлерде жылынып алуға болатындығы жөнінде толыққанды ақпарат таратты.

Соңғы жаңалықтар