12:55, 06 Ақпан 2019 | GMT +5
Аязға байланысты Астанадағы ЖОО-ларда сабақ қысқартылуда
АСТАНА. ҚазАқпарат - Аязға байланысты елорданың бірқатар ЖОО-ларында сабақ уақыты қысқартылуда, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Нақтырақ айтқанда, С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінде қала шетінде тұратын студенттерге сабаққа келмей-ақ қоюына рұқсат етілген. Ал қалада тұратын студенттерге сабақ 15.20-да аяқталады. Университет оқытушылары сағат 16.00-де үйіне қайта береді.
Ал Астана медициналық университетінде оқу күні қысқартылған - студенттер сағат 15.00-ден кейін үйіне қайта беруіне болады.
Назарбаев Университетінің студенттерімен бірге оқытушыларына да жұмыс күні бүгін сағат 16.30-да аяқталмақ.
Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде оқу күнін қысқартпау туралы шешім қабылданып отыр.
«Оқу күнін қысқарту туралы бұйрық келіп түскен жоқ. Сабақ кесте бойынша өтіп жатыр», - деп хабарлайды ЕҰУ баспасөз қызметінен.