Астана қаласының вокзалында есірткімен бір азамат ұсталды
АСТАНА. 17 ақпан. ҚазАқпарат /Айнұр Кенебаева/ - Астана қаласының вокзалында есірткімен бір азамат ұсталды,
деп хабарлады Астана қаласының кедендік бақылау департаментінің баспасөз қызметі.
Күдікті кеше вокзал ғимаратында ұсталды.
«2009-2011 жылдарға арналған бірлескен шұғыл іздестіру шаралары жоспарын жүзеге асыру барысында Астана қаласы кедендік бақылау департаменті контрабандалық қылмыспен күрес басқармасының қызметкерлері салмағы 2,98 грамм тартатын героин тәркіленген азаматты тұтқындады», - делінген бейсенбіде таратылған ақпаратта.
Ақпаратқа сәйкес, қазіргі таңда тұтқындалған тұлға уақытша ұстау орынына жабылған және оның үстінен қылмыстық іс қозғалды.